22 ноября 2023 г. 17:21
ШҚО-да Экология департаменті басшысының орынбасары пара алды деген күдікке ілінді
Шығыс Қазақстан облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі Ұлттық қауіпсіздің комитетінің Департаментімен және прокуратурамен бірлесіп, жасырын тергеу әрекеттерінің нәтижелері бойынша облыстың Экология департаменті басшысының орынбасарын әшкереледі.
Алматы, NEGE. Ол ҚР ӘҚБтК-нің 328-бабы 4-бөлігі (Қоршаған ортаға жол берілетін антропогендік әсер ету нормативтерін бұзу) бойынша өңірдегі кәсіпорындардың бірін әкімшілік жауаптылыққа тартпағаны үшін ірі көлемде пара алды деген күдікке ілінді. Соттың санкциясымен күдікті қамалды.
Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етуге жатпайды.