ШҚО-да аудан әкімінің бірінің орынбасары парамен ұсталды

Шығыс Қазақстан облысында аудан әкімінің бірінің орынбасары парамен ұсталды.

Алматы, NEGE. ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті облыс ауданы әкімінің бірінің орынбасарына қатысты 1 800 000 теңге көлемінде пара алу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізуде, яғни айтарлықтай мөлшерде кәсіпкерден пара алғаны үшін. Күдікті уақытша қамауға алынды, деп хабарлайды Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің баспасөз қызметі.

Департаменттегілер тергеу мүдделеріне қатысты басқа ақпараттар жария етуге жатпайтынын ескертті.

Қазір оқып жатыр

Қызылордада «TURǴYNDAR AMANATY» партиялық жобасы аясында форум өтті

Өнеркәсіптің өңдеу секторындағы өсімі төрт айда 9,9%-ды құрады

Қазақстанда бақбақтың қай түрін жұлғандарға 13 млн теңге айыппұл салынады?

Күзде пайызсыз ипотека беріле бастауы мүмкін