ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті ескерту жасады

Шығыс Қазақстан облысында биыл 12 балкон өртенген, деп хабарлайды облыстық Төтенше жағдайлар департаменті.

ШҚО, NEGE. Көп жағдайда тілсіз жаудың шығуы – отты абайсыз қолдану себеп болуда.

«Тәжірибе көрсеткендей, егер өртті бастапқы кезінде өшірмесе, онда ол пәтерге ғана емес, көпқабатты тұрғын үйдің жоғарғы қабаттарына да таралады. Сондай-ақ балкондағы жеңіл жанатын заттардың сақталуы оттың шығуына әкеліп соғады. Онда көбінесе дөңгелектері жоқ велосипед, сынған жиһаз, киім-кешек және тағы да басқа заттар жатады. Сондықтан балконнан тез жанатын материалдардан жасалған заттарды алып тастаған жөн», - делінген ақпаратта.