ШҚО полицейлері іздеуде жүрген азаматты қолға түсірді

ШҚО полицейлері іздеуде жүрген азаматты қолға түсірді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматы, NEGE. Өскемен қаласының криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері облыс орталығында жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде 30 жастағы іздестірудегі қылмыскерді ұстады.

Ұсталған азамат бұған дейін ҚР ҚК-нің 99-бабы 2-бөлігімен (Адам өлтіру) сотталған болатын. Сот қаулысына сәйкес, ол қалған өтелмеген мерзімге шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған, алайда тұрғылықты жеріне келмеген, сәйкесінше оған Өскемен қаласының №2 сотының қаулысымен іздестіру жарияланды.

Қазіргі уақытта күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Жыл басынан бері Шығыс Қазақстан құқық қорғау органдары іздестірудегі  40 қылмыскерді ұстады.

Қазір оқып жатыр

Халықтың 70,98 пайызы дауыс берді

Маңғыстау облысында референдум күні көпбалалы отбасында Атазаң есімді ұл дүниеге келді

Халықтың 51,93 пайызы дауыс берді: Референдум өткізілді деп саналады

«Таңдауым ешқашан өзгермейді»: Назарбаев Тоқаев жайлы пікір білдірді