ШҚО: Найзағайдан шыққан өрт 3,5 гектарға жайылды
Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданында өртті 74 адам мен 11 техника сөндіруде.
Алматы, NEGE. ШҚО төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 17 қыркүйек күні Катонқарағай ауданы Шыңғыстай ауылындағы орманда өрт шыққан.
Шөпті шарпыған қызыл жалынның жалпы ауданы қазіргі уақытта 3 жарым гектарға жетіп отыр.
«Оқиға орнында тілсіз жаумен өрт сөндірушілер және орманшылар күресуде. Сол жерге жалпы саны 74 адам мен 11 техника жұмылдырылған. Әзірге оттың беті қайтар емес», - деп хабарлады ведомство өкілдері.
Алдын ала мәлімет бойынша өрт найзағайдан шыққан.