ШҚО: 222 келі есірткі тәркіленді

Өскеменде полицейлер есірткі өткізумен айналысқан фитнес жаттықтырушыны ұстады, – деп хабарлайды ШҚО Полиция департаменті.

Алматы, NEGE. «Есірткі қылмыстарымен күрес басқармасының қызметкерлері облыс орталығындағы  «Қарасора» жедел және алдын-алу шаралары барысында Өскеменде ұзақ уақыт марихуана сатумен айналысқан фитнес орталықтарының біріндегі жаттықтырушыны ұстады», – делінген хабарламада.

Күдікті қамауға алынды. ҚР Қылмыстық кодексінің 297-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды. Күдікті 10 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін. 

«Жедел іздестіру іс-шаралары барысында оның есірткі сатқаны анықталды, ұстау кезінде күдіктіден 30 дозадан аса бір реттік марихуана тәркіленді», – деді ШҚО полиция департаменті басшысының орынбасары Талғат Шаяхметов.

Департамент мәліметінше, 2020 жылдың басынан бері ШҚО полицейлері 170 есірткі қылмысын анықтады, оның 141-і есірткі өткізуге қатысты. 222 келі түрлі есірткі тәркіленді, оның 3,7 келісі психотроптық заттар. 

Қазір оқып жатыр

«Бір ғана өтінішіміз – бостандығымыздан айырмаңыздар»: Жанабыловтар сотта жылап тұрып кешірім сұрады

Қазақстандықтарға шенген визасын алу жеңілдейді: келіссөз қашан аяқталады?

Прокурор ерлі-зайыпты Жаныбыловтарды 4 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады

Алматылықтардың көлік салығы 7 млрд теңгеден асқан