ШҚО спортшысы өрт-құтқару спортынан әлемдік жарыста Қазақстан рекордын жаңартты

Ресейдің Саранск қаласында өтіп жатқан өрт-құтқару спортынан жасөспірімдер мен жастар арасындағы XIV әлем чемпионатында шығысқазақстандық Никита Бойков жаңа Қазақстан рекордын орнатты.

ШҚО ТЖД

Алматы, NEGE. Жасөспірімдер арасында өткен «шабуыл сатысымен оқу мұнарасының екінші қабатына көтерілу» жарысында ол 7,26 секунд нәтижемен күміс медальға ие болды. Бұл — Қазақстандағы жаңа рекорд. Спортшының бапкері, ШҚО ТЖД қызметкері Михаил Филатов шәкіртінің жетістігіне ерекше мақтанатынын айтты.

— «Никита нағыз шеберлік пен табандылық танытты. Оның нәтижесі бүкіл өңіріміз үшін үлкен мақтаныш», — деді жаттықтырушы.

Жарыстың алғашқы күнінде Қазақстанның жасөспірімдер және қыздар құрамалары жалпыкомандалық есепте үшінші орынға жайғасты.

Қазір оқып жатыр

Президент үй жануарларын азаптағандарды қатаң жазалауды тапсырды

Бекіре тұқымдас балық пен уылдырық сатып алғандар жауапқа тартылады

Петропавлда темекі тұқылынан көппәтерлі үй өртеніп, 100-ден астам адам эвакуацияланды

Қанат Бозымбаев Солтүстік Қазақстан облысында су тасқынының екінші толқынының өту барысын тексерді