ШҚО шаңғымен жарысудан жасөспірімдер арасындағы ел чемпионатында көш бастады

Щучинск қаласында шаңғымен жарысудан жасөспірімдер арасындағы Қазақстан біріншілігі мәресіне жетті, деп жазады Olympic.kz.

Olympic.kz

Алматы, NEGE. Республикалық біріншілік 17-21 ақпанда қысқы спорт түрлері бойынша олимпиадалық даярлау орталығының базасында өтті.

Чемпионат аясында еркін жарыс, спринт, масс-старт пен эстафета бойынша жеңімпаздар анықталды.

Жарысқа Қазақстанның 13 өңірінен 420-дан астам спортшы қатысты.

24 медаль жиынтығы сарапқа салынған додада Шығыс Қазақстан облысының командасы көшбасшы атанды. Екінші орынды Ақмола, үшінші орынды Қостанай командалары иеленген.

Қазір оқып жатыр

«Балапанға» түскен жігіт продюсерден зорлық көргенін айтты

Анталияда таксимен соқтығысқан қазақстандық көз жұмды

Төлеутай Рақымбеков «Ауыл» партиясынан шықты

Жақсылық Омарға қатысты үкім қайта қаралады