ШҚО полицейлері патрульдік қызметте Segway гироскутерлерін пайдаланады

Тәртіп сақшылары Өскемендегі жағалау аумағын және облыс орталығының саябақтарында патрульдеу үшін қос дөңгелекті электрлі құрылғыларды игерді.

Полиция

Алматы, NEGE. Полиция департаментінде барлығы осындай төрт скутер бар. Оннан астам полиция қызметкері жүргізу курстарынан өтіп үлгерді және патрульдік қызмет көрсетуге дайын. Батарея қуатымен жұмыс істейтін Segway полицияға арналған StreetSmart мүмкіндіктерімен, соның ішінде сирена және жыпылықтайтын шамдармен жабдықталған.

Гироскутерлер патрульдік қызметте және көліктер өте алмайтын саябақ аумақтарында, аллеялар мен алаңдарда тәртіп бұзушылықтардың алдын алу үшін пайдаланылады.

Бұл жаңашылдық уақытты айтарлықтай үнемдейді, сонымен қатар, жұмыс сапасын арттырады.

Қазір оқып жатыр

Қырғызстанда Ташиевке төңкеріс жасауға әрекеттену ісі бойынша айып тағылды

Сәби саудасы: Қызылордада қоғамдық қордың жетекшісі ұсталды

Біріккен Араб Әмірліктері ОПЕК-тен шығу туралы шешім қабылдады

Үйқамақта болуы тиіс Олеся Кексель Алматы әуежайында не істеп жүр?