ШҚО-ның Катонқарағай ауданында жұмыс уақыты бір сағатқа кері шегерілді

Шығыс Қазақстан облысының Катонқарағай ауданында мемлекеттік және әлеуметтік мекемелерде пилоттық режимде жаңа жұмыс кестесі енгізілді.

ғаламтордан

Алматы, NEGE. Енді аудандағы 40 мекеме аптасына бес күн сағат 08:00–ден 17:30–ға дейін жұмыс істейді. Түскі үзіліс 12:00–ден 13:30–ға дейін. Мұндай жұмыс режиміне көшу туралы шешім тұрғындармен болған талқылаулардан кейін қабылданып отыр.

Желтоқсан айында ауданға бір топ облыстық басқармалар басшылары келіп, соның ішінде Өрел, Аршаты, Берел, Жамбыл және тағы басқа жиыны 18 елді мекенде кездесулер өткізді. Сол кездесулер барысында жұмыс күнінің басталуын таңғы сағат 08:00–ге ауыстыру жайы сөз етілді.

«Жаңа жұмыс уақыты климаттық жағдайлар мен жергілікті тұрғындардың өмір ырғағын ескере отырып, өнімділіктің артуы мен өңірдің дамуына ықпал етеді. Сондықтан тұрғындардың пікірлері ескерілді», – деп хабарлады аудандық ішкі саясат бөлімінен.

Катонқарағайлықтар да бұл жұмыс кестесінің өздеріне қолайлы екенін айтып жатыр.

Қазір оқып жатыр

Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарға үндеу жасады

KAZ Minerals шахтасында тау жынысы опырылып, жұмысшы қаза тапты

«Ақтөбе – тарының астанасы» гастрофестивалі қонақтарды ұлттық дәстүрлердің бай мұрасымен таныстырды

Іссапар чектері тапсырылмаса, жалақыны толық ұстап қалуға бола ма?