ШҚО-да техника қауіпсіздігінің сақталмауынан жұмысшы көз жұмды

Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданындағы тау-кен кәсіпорнында жұмысшы мерт болды.

ғаламтордан

Алматы, NEGE. ШҚО әкімдігінің хабарлауынша, Маралды ауылындағы тау-кен кәсіпорнында жазатайым оқиға болды. Қауіпсіздік техникасының сақталмауы салдарынан «Мырзатаев» ЖК-ның краншысы көз жұмды. Оқиға орнына прокурор, полиция, төтенше жағдайлар департаментінің мамандары барды.

«Алдын ала мәліметтер бойынша кран батып қалып, жұмысшы бульдозер жүргізушісінен оны сүйреп шығаруды сұрады. Бірақ қауіпсіздік шаралары сақталмағандықтан бульдозер сырғып кетіп, краншы екі техниканың арасында қалып қойды. Алған жарақаттардан ол сол жерде мерт болды», - делінген ақпаратта.

Аталған кәсіпорында еңбек заңнамасы мен еңбекті қорғау нормаларының сақталуы бойынша жоспардан тыс тексеру жүргізіледі.

Қазір оқып жатыр

Біріккен Араб Әмірліктері ОПЕК-тен шығу туралы шешім қабылдады

Үйқамақта болуы тиіс Олеся Кексель Алматы әуежайында не істеп жүр?

Жамбыл облысында экс-депутаттың партиядан шығарылуына қатысты іс қайта қаралады

АМӨЗ-дегі экологиялық жанжал және Атырау тұрғындарының денсаулығы: деректер не дейді?