ШҚО-да қызының ернінен сүйген ер адамның әрекетіне қатысты тексеру басталды

Желіде жасөспірім қызды туған күнімен құттықтаймын деп ернінен сүйген ер адамның видеосы қызу талқылануда.

magnific.com

Астана, NEGE. Құқық қорғаушы Ләззат Рақышева видеодан кадр жариялап, құзырлы органдардан осы жайтқа қатысты тексеру жүргізуді талап етті.

«Видеодағы қыздың туған әкесі ме, өгей әкесі ме, ол жағын білмедім, ол 12 жастағы қызды туған күнімен құттықтап, ернінен жабысып сүйіп тұр. Жай ғана сүю емес, ересектердің қарым-қатынасындағыдай сүйісу. Ол әлеуметтік желідегі барша адамға ерсі көрінді», – дейді ол.

Құқық қорғаушы бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиевадан, Өскемен қалалық полиция департаментінен және Өскемен қаласының балалар құқықтары жөніндегі уәкілден осы видеоға назар аударып, баланың ата-анасымен сөйлесуді және қызды тексеруді сұрады.

Шығыс Қазақстан облыстық полиция департаменті бұл дерек тіркелгенін, қазіргі уақытта тексеру жұмыстары жүргізіліп жатқанын хабарлады.

Тексеру жұмыстарына Білім басқармасы мен жергілікті атқарушы органның қызметкерлері тартылған.