ШҚО-да қымбат металдарды заңсыз өндірді деген күдікпен 19 шетелдік азамат ұсталды
ШҚО-да қымбат металдарды заңсыз өндіргені үшін 19 шетелдік азамат ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.
Алматы, NEGE. Полиция заң тәртібіне ғана емес, аймақ экологиясына да қатер төндірген қылмыстық әрекеттің жолын кесті.
«Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында Шығыс Қазақстан облысының полицейлері пайдалы қазбаларды заңсыз өндіру фактісін анықтады. Облыстың бір ауданында 19 шетелдік азамат пен Өскемен қаласының 2 тұрғыны ұсталған. Қымбат металлдарды өндіруге арналған экскаваторлар, бульдозер, ұсатқыш қондырғылар және басқа да жабдықтар, сондай-ақ құрамында алтын мен басқа да бағалы компоненттердің белгілері бар металл бұйымдары тәркіленді.
Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Тергеу барысында құқыққа қарсы әрекетке қатысы бар болуы мүмкін 20-дан астам адам тексерілуде. Дәлелдер жиналып, қажетті сараптамалар тағайындалды, істің барлық мән-жайын анықтау шаралары қабылдануда.