ШҚО-да келіні енесінің атына заңсыз несие рәсімдеген

ШҚО-да келіні енесінің атына заңсыз несие рәсімдеген, деп хабарлайды Polisia.kz.

ғаламтордан

Алматы, NEGE. Зайсан полиция бөліміне 67 жастағы жергілікті тұрғын алаяқтық туралы арызбен жүгінген. Оның айтуынша, келіні оның атына жасырын түрде 2,5 миллионнан астам несие рәсімдеген.

Белгілі болғандай, өткен жылы оның келіні телефонына банктік қосымша орнатқан, сол қосымша арқылы зейнеткердің шотына кіруге мүмкіндігі болған. Өткен жылдың желтоқсан айынан осы жылдың қаңтар айына дейін жұмыссыз қалған бойжеткен қосымшаның көмегімен енесінің атына үш несие рәсімдеп, ақшаны өз қажеттіліктеріне жұмсаған.

Жәбірленуші сәуір айында әдеттегіден әлдеқайда аз зейнетақы алғанан кейін мән-жайдың себебін іздей бастаған. Белгілі болғандай, банк оның зейнетақысынан өзі білмейтін несиелер үшін ақшалай қаражатты ұстап қалған.

Алаяқтық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті мүлкін тәркілеумен, төрт жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев: «БҰҰ Жарғысы тапсырыспен алдыратын жеңсік ас емес»

Әдеп сақтамаған депутат жиында сөз сөйлеу құқығынан уақытша айырылады

«36 айлық көлемінде бонус алған»: QazaqGaz жауап бер(ме)ді

️Ресей Қазақстан мұнайын Германияға тасымалдауды тоқтатады: министр мән-жайды түсіндірді