ШҚО-да бір айда 5 мың гектардан астам жер мемлекетке қайтарылды

Осыған дейін Ұлан, Тарбағатай, Қатон-Қарағай аудандарындағы алқаптар игерілмей, бос жатқан. Ал былтыр 125 мың гектар жер мемлекетке өтіп, жайылым тапшылығы айтарлықтай жойылған, деп жазды 24.kz.

24.kz.

Алматы, NEGE. Қазір Шемонайха ауданында шекараға жақын 28 жер учаскесін қайтару процесі жүріп жатыр. Ал Самар ауданында шетелдік компанияға рәсімделген жер сотпен тәркіленді.

«Самар ауданында 4 мың гектар жер сотпен қайтарылды. Себебі заңды тұлғаның жарғы капиталында шетелдік компаниялар бар. Ал бұл біздің еліміздің заңнамасына қайшы», – деді жер қатынастары басқармасының басшысы Надежда Михейлис.


Қазір оқып жатыр

Біріккен Араб Әмірліктері ОПЕК-тен шығу туралы шешім қабылдады

Үйқамақта болуы тиіс Олеся Кексель Алматы әуежайында не істеп жүр?

Жамбыл облысында экс-депутаттың партиядан шығарылуына қатысты іс қайта қаралады

АМӨЗ-дегі экологиялық жанжал және Атырау тұрғындарының денсаулығы: деректер не дейді?