ШҚО-да әскери қызметкер қайтыс болды

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі әскери қызметшінің қаза болғанын растады.

Фото: ғаламтордан

Алматы, NEGE. – 2024 жылғы 7 қарашада Шекара қызметі Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің мерзімді қызметтегі әскери қызметшісі қаза тапты. Алдын ала мәлімет бойынша өлім себебі – суицид.

Полиция органдары Қылмыстық кодекстің 105-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.