ШҚО-да 7 адамды кене шағып алды

Шығыс Қазақстан облысында биыл кенелер ерте шықты. Наурыз айының аяғынан бері 7 адам кенеден зардап шеккен.

pixabay.com

Алматы, NEGE. Барлық оқиға Өскемен қаласының маңында болған.

ШҚО Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мәліметінше, қардың тез еруі жәндіктердің саяжайлар мен қала маңындағы аудандарда ерте шығуына әсер етті.

Облыстағы Ұлан, Самар, Күршім, Катонқарағай, Шемонаиха аудандарындағы және Риддер, Өскемен қалаларындағы эндемиялық аймақтарда профилактикалық өңдеу жұмыстары басталып кеткен.

— Тұрғындарға табиғат аясына шыққанда қорғаныс киімдерін киіп, репелленттерді пайдалануды ұсынамыз. Егер сізді кене шағып алса, бірден дәрігерге барыңыз. Зардап шеккен жеті адамның бірі көмекке кеш жүгініп, иммуноглобулин алмаған, - дейді департаменттің қоғаммен байланыс жөніндегі бас маманы Гүлмира Қайратова.

Қазір оқып жатыр

Біріккен Араб Әмірліктері ОПЕК-тен шығу туралы шешім қабылдады

Үйқамақта болуы тиіс Олеся Кексель Алматы әуежайында не істеп жүр?

Жамбыл облысында экс-депутаттың партиядан шығарылуына қатысты іс қайта қаралады

АМӨЗ-дегі экологиялық жанжал және Атырау тұрғындарының денсаулығы: деректер не дейді?