ШҚО-да 100-ден астам көлік қар құрсауынан шығарылды

Шығыс Қазақстан облысында соққан күшті жел мен қарлы боран ауа райының күрт нашарлауына әкелді.

Полиция

Алматы, NEGE. Дауыл салдарынан Алтай-Өскемен автожолы және басқа да облыстық маңызы бар барлық трассалар жабылды. 100-ден астам көлік жолда қалып, табиғат апатына тап болды.

Құқық қорғаушылар барлық жүргізушілер мен жолаушыларды эвакуациялап, қауіпсіз аймақтарға жеткізді. Зардап шеккендер жоқ.

Тәртіп сақшылары тұрғындарды 112 қызметінен келетін SMS хабарламаларды мұқият қадағалап отыруды сұрайды.

Қазір оқып жатыр

«Алимент қайда кетіп жатыр?»: Балаға төленетін ақшаға бақылау күшейеді

Мәжіліс Астананың мәртебесі туралы заң жобасын жұмысқа алды

Қырғызстанда Ташиевке төңкеріс жасауға әрекеттену ісі бойынша айып тағылды

Сәби саудасы: Қызылордада қоғамдық қордың жетекшісі ұсталды