Шығыс Қазақстан облысында Көліктік бақылау инспекциясының шенділері сотталды

Шығыс Қазақстан облыстық соты 2024 жылы 12 шілдеде облыстың Көліктік бақылау инспекциясының басшысы Б. Нұралиев пен оның орынбасары А. Тұрақбаевқа қатысты үкім шығарды, деп хабарлайды Антикор. 

Фото: из открытых источников

Алматы, NEGE. «Олар лауазымдық өкілеттіктерін теріс пайдаланғаны және кенді салмақ параметрлерінен асыра тасымалдау жолымен кәсіпкерлік қызметке заңсыз қатысқаны үшін кінәлі деп танылды, бұл мемлекетке 63 млн теңге сомасында залал келтіруге әкеп соқты. Сот үкімімен Б. Нұралиев пен А. Тұрақбаевқа мемлекеттік қызметте лауазымды атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, 4 және 3 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалды», - делінген хабарламада.

Үкім заңды күшіне енді.

Қазір оқып жатыр

Сәби саудасы: Қызылордада қоғамдық қордың жетекшісі ұсталды

Біріккен Араб Әмірліктері ОПЕК-тен шығу туралы шешім қабылдады

Үйқамақта болуы тиіс Олеся Кексель Алматы әуежайында не істеп жүр?

Жамбыл облысында экс-депутаттың партиядан шығарылуына қатысты іс қайта қаралады