Ішкі істер министрі Кәрім Мәсімовтің қазіргі жағдайына қатысты пікір білдірді (видео)

Мәжіліс кулуарында Ішкі істер министрі Ержан Сәденов мемлекетке опасыздық жасағаны үшін сотталған Кәрім Мәсімовтің қазіргі жағдайына қатысты пікір білдірді.

Фото: karimmassimov.com

Алматы, NEGE. «Ресми түрде айтамын – жағдайы қалыпты. Ол сот үкіміне сәйкес, бас бостандығынан айыру мекемесінде отыр», – деді Ержан Сәденов.

2023 жылы 24 сәуірде сот Кәрім Мәсімовке үкім шығарды. Ол мүлкі тәркіленіп, мемлекеттік қызметте лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айырумен 18 жылға сотталды. 

Кәрім Мәсімовке қаңтар оқиғасы бойынша айып тағылған болатын. Ол мемлекетке опасыздық жасау, билікті күштеп тартып алу және қызметтік өкілеттігін асыра пайдалану бойынша кінәлі деп танылды.

Қазір оқып жатыр

Ержан Бабақұмаровты өлтірген ер адамға үкім шықты

Sulpak негізін қалаушының қызы компаниядағы үлесіне қатысты даулы мәселе көтерді

Еңбек министрлігі: Зейнетақы жинақтары кез келген уақытта алып жұмсайтын депозит емес

Нұрай Серікбайдың қазасы: күдікті жігіт ақыл-есі дұрыс деп танылды