23 января 2026 г. 17:49

Ішкі әуе рейстер билетінің бағасы төмендей ме?

Фото: freepik.com

Мәжіліс кулуарында Азаматтық авиация комитетінің төрағасы Салтанат Томпиева әлеуметтік әуе рейстері билеті бағасын төмендетуге қатысты пікір білдірді.

Астана, NEGE. Бұған дейін ішкі бағыттағы 69 әуе бағытына субсидия бөлінетіні хабарланған еді.

«Субсидиялар жыл сайын шығынға және тиімсіздікке байланысты коммерциялық рейстер пайдаланылмайтын бағыттарда көлік қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін бөлінеді», – деп түсіндірді Салтанат Томпиева.

Оның айтуынша, әлеуметтік маңызы бар рейстер өңірлер арасындағы байланыс орнату үшін қажет. Сондықтан бұл бағыттарда билет бағасын төмендету қарастырылмаған.

«Мысалы, Түркістан – Ақтау, Көкшетау – Ақтау бағыттары. Сондықтан баға бекітілген. Ол 10–15 мың теңгеден басталады, ең жоғарғысы – шамамен 25–30 мың теңге», – дейді комитет төрағасы.

Айта кетейік, таяуда энергетика министрі Ерлан Ақкенженов авиаотын бағасы төмендейтінін мәлімдеген. Оның айтуынша, авиахабтар үшін авиаотын бағасы тоннасына 1200-ден 940 долларға дейін төмендетіледі, кейін тағы 890 долларға дейін төмендеу жоспарланған.