ШЫҰ-на мүше мемлекеттер ұлттық валютада тауар алмаспақ
Бастама биыл күзде Самарқанда өтетін саммитте қабылдануы мүмкін. Ұлттық үйлестірушілер Шанхай сегіздігінің Еуразия құрлығындағы саяси ықпалдастығы артып келе жатқанын атап өтті, деп хабарлайды «Хабар 24».
Алматы, NEGE. Енді экономикаға басымдық беріледі. Ұлттық валютада тауар алмасу идеясы былтыр Қазақстан президенті тарапынан ұсынылған еді. Қытай, Үндістан, Ресей сынды алып нарықтармен бірлескен жобаларды жүзеге асыру – негізгі мақсат. Бұл істің Орталық Азия елдеріне берері мол.