Шіркеудегі жұртты кепілге алған

Оңтүстік Африка Республикасындағы Йоханнесбург маңында 11 шілде күні қарулы қақтығыс болды. Белгісіз адамдар тобы шіркеудегі жұртты кепілге алған. Атыс кезінде 5 адам қаза тапты.

Алматы, NEGE. «Бүгін Оңтүстік Африка Республикасының полициясына шіркеудегі адамдар кепілге алынғаны жөнінде ақпарат түскен.  Құқық қорғаушылар бес адамның қайтыс болғанын растады» деп хабарлады Оңтүстік Африка Республикасы полиция департаментінің Twitter-дегі жазбасына сілтеме жасаған РИА Новости.

Полиция 30 күдіктіні қамауға алған. 25 дана атыс қаруы тәркіленген. Адамдарды кепілге алған қылмыстық топпен келіссөздер жалғасуда.

Жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, кепілге алынған адамдар босатылған, бірақ полиция әлі мұны ресми түрде растаған жоқ.

Қазір оқып жатыр

Қошанов иттерді күтіп ұстауға бөлінген миллиардтардың мақсатты жұмсалғанына күмән келтірді

Энрике Иглесиасқа Қазақстанда жанкүйерлерін сүюге рұқсат етіле ме?

Мәжіліс қаңғыған жануарларды эвтаназиялау туралы заңды мақұлдады

Перизат Қайраттың түрмеде немен айналысатыны белгілі болды