Шипажайда баланы сүлгімен ұрып-соққан

Оқиға Ақтөбе облыстық «Чайка» балалар санаториясында болған.

Алматы. NEGE.  Осыған дейін әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде тәрбиешінің баланы сүлгімен ұрып жатқаны түсірілген видео тараған еді.

Аталған факті бойынша Алматы ауданының №4 полиция бөлімі ҚР Қылмыстық кодексінің 140-бабы (Кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамау) бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. Тергеу амалдары жүргізілуде. Дене жарақаттарының болуы мен ауырлығын анықтау мақсатында сараптама тағайындалды.