Шыңжаңда 5 балдық жер сілкінісі болды

Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданы (Қытайдың солтүстік-батысы) Ақсу уезіндегі Куча қаласында магнитудасы 5 балдық жер сілкінісі болды.

ғаламтордан

Алматы, NEGE. Қытай сейсмологиялық желілері орталығының хабарламасына сәйкес, жер сілкінісі сәрсенбі күні Бейжің уақытымен сағат 07:42-де тіркелген.

Қытай орталық телеарнасының хабарлауынша, зардап шеккендер мен қираулар туралы мәлімет жоқ. Оқиға орнына іздеу-құтқару топтары шықты.

Шыңжаңның осы аймағындағы тіршілікті қамтамасыз ету нысандары штаттық режимде жұмыс істеп жатыр.

Хабарламаға сәйкес, жер сілкінісі эпицентрінің бағыты 41,23 солтүстік ендікте, 83,74 градус шығыс бойлықта орналасқан.

Қазір оқып жатыр

«Әр баладан 200 мың теңгеден жинап жатыр»: алматылық ана Президентке шағымданды

Наурыз ҰБТ-сы тапсырмаларынан 17 қате анықталған

ШҚО-да сот ұсталған депутаттың компаниясын тас жолды қайта жөндеуге міндеттеді

Қостанайда субсидияға бөлінген 3 млрд теңге жымқырылған: қылмыстық топқа үкім шықты