Шыңғыс Айтматовтың қарындасы жазушының 100 жылдығын атап өтпеуді сұрады

Бұл туралы «Кабар» ақпарат агенттігі жариялаған Роза Айтматованың үндеуінде айтылған.

24.kg

Алматы, NEGE. Үндеуде жазушының қарындасы Роза Айтматова мерейтойға бөлінетін қаражатты қарапайым халыққа беруді ұсынды. 

«"Айтматовтың 100 жылдығына бөлінген қаражатты басқа маңызды істерге жұмсауға болар еді" деген әңгіме міндетті түрде айтылады деп ойлаймын. Сондықтан үкіметтен сол қаражатты халықтың тұрмысын жақсартуға бағыттауды алдын ала сұраймын. Бұл – оған көрсетілетін шынайы құрмет болар еді», – деді Айтматова.

Роза Айтматова сондай-ақ жазушының дүниеден өткеніне 17 жыл өтсе де, кейбіреулердің әлі күнге дейін оны талқылап, сынап жүргенін атап өтті. Ол ағасының рухын қорламауға шақырды.

Бұған дейін Қырғызстан Қаржы полициясының бұрынғы басшысы Сыймык Жапыкеев журналист Ернис Қыязовқа берген сұхбатында Шыңғыс Айтматовтың шығармашылығын сынап, оның еңбектерін «орташа» әрі «бес тиындық» деп атаған болатын.

Қазір оқып жатыр

Ержан Бабақұмаровты өлтірген ер адамға үкім шықты

Sulpak негізін қалаушының қызы компаниядағы үлесіне қатысты даулы мәселе көтерді

Еңбек министрлігі: Зейнетақы жинақтары кез келген уақытта алып жұмсайтын депозит емес

Нұрай Серікбайдың қазасы: күдікті жігіт ақыл-есі дұрыс деп танылды