Шынайы оқиғаға негізделген фильм тізімі
Шынайы оқиғалар негізінде түсірілген фильмдер көптен бері кинематографта өзіндік орынға ие және әрдайым көрермен тарапынан қызығушылық тудыратыны анық. Бүгін сіздер үшін тағдырға қарсы шыққан жандар мен олардың түрлі жағдайлармен күресіне арналған он фильмді назарларыңызға ұсынамыз
.
«Argo / Арго операциясы / Операция «Арго» - Бен Аффлектің режиссерлік дебюті Иран көтерілісінің қызған шағында Тегерандағы америкалық дипломаттарды құтқаруға бағытталған арнайы операция хикасын баяндайды. Исламшылдар АҚШ елшілігін күштеп жаулап алған кезде, алты американдық қашып кетіп, канадалық елшілікке жасырынып үлгереді. Иранда олардың аман қалуы екіталай, сондықтан бұл жағдайдан шығар жалғыз жол - дипломаттарды елден әкетуге қатысты құрылған қауіпті жоспар. «Арго» операциясының жетекшісі ОББ (ЦРУ) маманы Тони Мендес ерекше нұсқа ойлап табады. Картинаның тарихи шынайылығы бірқатар талас тудырған, тіпті фильмді Иранда көрсетуге тыйым салған.
«Schindler's List / Шиндлер тізімі / Список Шиндлера» - Стивен Спилбергтің ең танымал әрі әсерлі фильмдерінің бірі фантастикалық ертегі емес, Оскар Шиндлер жайлы баяндайтын шынайы өмірде болған тарихи драма. Ол Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында мыңнан астам поляк еврейлерін Холокост салдарынан құтқарған. Неміс кәсіпкері болған Шиндлер Краковта фабрика ұйымдастырып, геттодағы тұтқындарды жұмысқа алған болатын.
«All the President's Men / Президент әскері» - 1976 жылғы бұл фильм журналистер Боб Вудворд пен Карл Бернстейннің деректі кітабына негізделген. Олар Никсонның үш жыл бұрынғы президент сайлауы алдындағы алаяқтығына қатысты деректерді тапқан болатын. Атышулы іс мейрамхананың құрметіне «Уотергейт» деп аталған, яғни ол жақта Ричард Никсон әкімшілігі демократиялық партияның атынан үміткер болған Джордж Макговерннің штаб-пәтеріне құпия тыңдалым орнатуға тырысқан. Фильмде журналистік зерттеу мен дайындық жақсы көрсетілген.
«JFK / Джон Ф. Кеннеди. Далластағы атыс / Джон Ф. Кеннеди. Выстрелы в Далласе» - Оливер Стоун картинасының сценарийі Джим Гаррисонның «Қанішерлердің ізімен» және Джим Марстың «Тоғыспалы от: Кеннедиді өлтірген қастандық» атты екі кітаптың негізінде жазылған. Сюжеті Джон Кеннеди өлімін зерттеумен айналысқан прокурор Джим Гаррисонның тергеуіне негізделген. Ара-тұра ақ-қара көріністермен бейнеленген фильм жалған деректі стилистикада жасалған және АҚШ билігінің қолдауымен кубалық контрреволюционерлердің президентке ұйымдастырған қастандығын қарастырған.
«Changeling / Ауыстыру / Подмена» - бұл әсерлі драма Кристин Коллинз хикаясын баяндайды. Ол өткен жүзжылдықтың 20-шы жылдары баласын жоғалтып алғандығына байланысты полицияға арыз жазады. Бұл іс көпшіліктің назарын бірден өзіне аудартады және бес айдан соң қоғам қысымының арқасында полицейлер анасына баласын әкеледі, бірақ кейіпкер ұлын танымайды. Жағымсыз оқиғаның ізін суыту үшін Кристинді психикалық емханаға орналастырады. Фильм режиссері Клинт Иствуд көрермен назарын баласын жоғалтып, оны ештеңе қарамастан іздеуге көшкен анаға аудартады.