«Ай сайын 2,5 млн теңгеге дейін алып отырған» – Шымкетте қарақшылықпен айналысқан қылмыстық топ ұсталды

Шымкент қаласы полиция департаментінің қызметкерлері тонау, қарақшылық, бопсалау және қарыз мәселелерін шешумен айналысқан топтың заңсыз әрекетін тоқтатты.

Полиция

Алматы, NEGE. Тергеу барысында ұйымдастырушы өзінің сенімді адамдарынан қылмыстық топ құрып, қарақшылық шабуыл немесе ұрлық жасау мақсатында үлкен сомада ақша қаражаты болуы мүмкін жерлерді үнемі талдап жүргені анықталды. Сонымен қатар ол түнгі клубтардың бірін бақылауына алып, «қорғағаны» үшін заңсыз түрде ай сайын 2,5 млн теңгеге дейін алып отырған.

Жүргізілген жедел іс-шаралардың нәтижесінде қылмыстық топ ұйымдастырушысы мен оның жақын сыбайласы ұсталып, қамауға алынды. Тінту кезінде олардан қару мен патрондар тәркіленді. Сондай-ақ қылмысқа қатысы бар бес тұлға анықталды, олардың әрекеттеріне құқықтық баға беріледі.

 Іс-шара прокуратураның үйлестіруімен жүргізілді.

Қазір оқып жатыр

Референдумда 9 миллионнан астам қазақстандық дауыс берді

Халықтың 70,98 пайызы дауыс берді

Маңғыстау облысында референдум күні көпбалалы отбасында Атазаң есімді ұл дүниеге келді

Халықтың 51,93 пайызы дауыс берді: Референдум өткізілді деп саналады