Шымкенттің әкімі кімге не дәлелдегісі келді?

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі өкілі Шымкентте жиналыс үстінде ұсталған шенеунікке қатысты пікір білдірді.

Фото: ғаламтордан

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Превенция қызметінің басшысы Саян Ахметжанов бүгін Мәжілісте «Шымкент әкімдігіндегі отырыс кезінде шенеунікті ұстаудың бастамашысы әкімнің өзі болды» деп мәлімдеді.

– Бұл мәселені біз қарастырдық. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі барлық жерде ашық және қолжетімді жұмыс істейді. Кез келген шақырту келісіледі. Бұл – жергілікті атқарушы органның басшылығымен бірге, яғни әкімнің және аумақтық органның шешімі. Бұл облыс әкімінің бастамасы болуы керек, – деді Саян Ахметжанов.

Еске сала кетейік, 5 ақпанда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Шымкентте әкімдік отырысы болып жатқан кезде тура жиын үстінен Тұрғын үй басқармасы басшысының міндетін атқарушыны ұстап әкеткен видео жариялаған.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің мәліметінше, ұсталған азамат «қаладағы 216 тұрғынүйдің сейсмикалық тұрақтылығын технологиялық тексеру жұмыстарына бөлінген аса ірі мөлшердегі бюджет қаражатын ұрлады» деп күдікке ілінген. Шығын көлемі – 120 млн теңге.

Қарамағындағы шендіні жиналыс үстінде ұстатып жіберген Шымкент қаласының әкімі кімге не дәлелдегісі келді екен?

Қазір оқып жатыр

«Балапанға» түскен жігіт продюсерден зорлық көргенін айтты

Анталияда таксимен соқтығысқан қазақстандық көз жұмды

Төлеутай Рақымбеков «Ауыл» партиясынан шықты

Жақсылық Омарға қатысты үкім қайта қаралады