Шымкенттіктерге жоқ брендтерді сатқан алаяқтар ұсталды

Шымкенттіктерге жоқ брендтік заттарды млн теңгеге сатқан алаяқтар ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция

Алматы, NEGE. Полиция 22 жастағы тараздық тұрғынды және оның Алматы мен Шымкенттегі екі сыбайласын ұстады. Олар әлеуметтік желіде брендтік аяқ киім мен сөмкелер сататын жалған интернет-дүкен ашып, түпнұсқа тауарлардың фотосуреттерін жүктеп жариялап отырған.

Сатып алушыларға жеткізу шарттарын түсіндіріп, төлемді аударым жасау арқылы немесе қашықтан төлеу шотын жіберу арқылы алған. Брендтік затын ұзақ күтіп, сол күйі ала алмаған тапсырыс берушілер полицияға арызданған.

Бірнеше рет жасалған алаяқтық бойынша қазіргі таңда тергеу жүргізіліп жатыр. Күдіктілер қамауға алынды.

Қазір оқып жатыр

ҚТЖ топ-менеджерлеріне 1 млрд теңгеден астам сыйақы төленген: компания басшысы мән-жайды түсіндірді

Депозиттен кредиттің проценті көп. KEGOC НЕГЕ қинала бастады?

Тоқаев Астана әкімі Жеңіс Қасымбектің қызметін оң бағалады

Енді шетелдік дәрі-дәрмектер халыққа жылдам жеткізілмек