Шымкенттік шенеунікті әкімдіктегі жиналыс кезінде Антикор ұстап алып кетті (видео)

Шымкент қаласы әкімінің жетекшілігімен әкімдікте өткен жиында Антикор қызметкерлері шенеунікті ұстап алып кетті, деп забарлайды Otyrar Telegram каналы.

Видеодан

Алматы, NEGE. «Әкімдік қызметкерлерінің арасында адал адамдар көп, бірақ жемқорлар да бар. Мен бұл туралы сіздерге көп рет ескерттім», - деді әкім.

Қалалық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес басқармасы басшысы кей қызметкерлерге бірқатар сұрағы бар екенін айтқаннан кейін Ғабит Сыздықбеков жемқорлыққа айыпталып отырғандарды алып кетсін деп мәлімдеді.

Антикор қызметкерлері залға кіріп шенеуніктердің бірін алып кетті. Ол тұрғын үй басқармасы жетекшісінің міндетін атқарушы болып шықты.

«Қанша рет ескерттім... Әріптестер, мені дұрыс түсініңіздер, басқа амалым жоқ. Бес айдан бері сіздерден өтініп келемін», – деді әкім.

Қазір оқып жатыр

«Балапанға» түскен жігіт продюсерден зорлық көргенін айтты

Анталияда таксимен соқтығысқан қазақстандық көз жұмды

Төлеутай Рақымбеков «Ауыл» партиясынан шықты

Жақсылық Омарға қатысты үкім қайта қаралады