Шымкенттің «Торнадо» командасы ІІ турда жеңіске жетті

2021 жылдың 19-23 мамыр аралығында Петропавл қаласында шайбалы хоккейден 2008 жылғы жасөспірімдер арасындағы ҚР чемпионатының II туры өткен болатын.

Шымкент, NEGE. Аталған сында Шымкент қаласының №8 қысқы спорт мектебінің шайбалы хоккей бөлімінің «Торнадо» командасы жеңімпаз атанды. Қазақстан хоккей федерациясы ұйымдастырған сайыста шымкенттік жасөспірімдер үздік нәтиже көрсетті.

Жарысқа «Торнадо» (Шымкент), «Бейбарыс» (Атырау), «Құлагер» (Петропавл), «Стрижи» (Алматы), «Олимп» (Ақтөбе) және «Молния» (Ақсу қаласы) командалары қатысқанын айта кеткен жөн.

Қазір оқып жатыр

ШҚО-дағы Артемьев шахтасында жұмысшы қаза тапты

Ақтөбеде Жеңіс күніне арналған еске алу шаралары өтті

Тоқаев Мәскеудегі Жеңіс күніне арналған әскери шеруге қатысты

Қонаевта Жеңіс күніне орай боздақтар рухына тағзым жасалды