Шымкенттің бас сәулетшісі 500 млн ұрлағаны үшін сотталды

Шымкент қаласының сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы мүлкін тәркіленуімен қоса 10 жылға бас бостандығынан айырылды.

Алматы, NEGE. Бұл туралы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі Данияр Бигайдаров мәлімдеді. 

"26 қаңтарда Шымкент қаласы Әл-Фараби аудандық сотының үкімімен қылмыстық жолмен алынған қаражатқа сатып алынған мүлік тәркіленіп, орташа қауіпсіз қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде жазасын өтеумен Шымкент қаласы Сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Ж. Байымбетов 10 жылға бас бостандығынан айырылды", - деді Данияр Бигайдаров.

Сол үкіммен "ИнвестСтройПроект ЛТД" ЖШС директоры А. Айтбаев 10 жылға материалдық жауапкершілікке байланысты қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, қылмыстық-атқару жүйесінің орташа қауіпсіз мекемелерінде жазасын өтеумен қатар 8 жылға бас бостандығынан айырылды.

Олар Шымкенттің топографиялық түсірілім жұмыстарын мемлекеттік сатып алу кезінде 498 млн теңге көлемінде бюджет қаражатын жымқырды деген күдікке ілінді, - деп атап өтті Агенттікте.

Қазір оқып жатыр

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына қаржы құйды

Мәсімовтің бұрынғы күйеу баласы қос азаматтығы болғанын мойындады

Вьетнамда ұсталған блогер Қайсар Қамза көшеде еркін қозғалып жүр