Шымкенттің ауасы нашарлайды

«Қазгидромет» РМК Қазақстан қалаларындағы метеорологиялық ахуал туралы мәлім етті.

Алматы, NEGE. Синоптиктердің болжамынша, 18 маусым күні Шымкент және Балқаш қалаларында ауа сапасы нашарлауы ықтимал.

Өзге шаһарларда атмосфералық ауа сапасы норма шегінде болады.

Айта кетейік, Балқаш пен Шымкентте жағымсыз метеожағдай соңғы бірнеше күннен бері тіркеліп отыр. Қолайсыз метеорологиялық жағдай – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Қазір оқып жатыр

Иран тағы бір елге Ормуз бұғазы арқылы өтуге рұқсат берді

Атырау облысында бір топ жігіт полиция қызметкерлеріне шабуыл жасаған

Түркістанда бірнеше күн бұрын суға батып кеткен 2 жасар қыздың денесі табылды

«Өрттен 18 адам қаза тапты»: Абай облысында жалған ақпарат таратқан тұрғын жауапқа тартылды