Шымкенттік күзетші Ресейде «жалаң қол жұдырықтасушы жалғыз қазақ» атанды

Жерлесіміз Бағдат Дүйсембаев шетелде Top Dog жекпе-жек жарысында өнер көрсетіп жүр. Елде күзетші болып жұмыс істеген ол нәпақасын табуға Новосибирск қаласына кетеді. Сол кезде бала кездегі арманын орындау үшін бар күш-жігерін салады деп хабарлады 24.kz.

Алматы, NEGE. Қазір Бағдат жалаң қолмен жұдырықтасудың тұрақты қатысушысы болған жалғыз қазақ азаматы. Шымкент қаласының тумасы Бағдат Дүйсембаев 15 жасынан еркін күреспен айналысады. Қазір Новосибирск қаласында құрылысшы болып жұмыс істейді. Бос уақытында әуесқой рингте өнер көрсетеді. Мәскеуде өткен жалаң қолмен жұдырықтасуда 2 рет жеңіске жеткен.

– Досым тапты кастинг болып жатыр екен турнирге. Олар 2 аптадан кейін жауаптарын айтты. Солардың залдарында жаттығу бастадық. Бес турнир өткізген болсам, жаттығу жасаған емеспін. Жалғыз қазақ болған «единственный представитель Казахстана» дегенде жігерленемін, – дейді Бағдат Дүйсембаев.

Қазір оқып жатыр

Маңғыстауда алғаш рет шала туған нәрестелердің көзіне күрделі ота жасала бастады

2024 жылғымен бірдей шықты. Ағайынды Тастекейлер былтыр НЕГЕ көтеріле алмады?

Денсаулық сақтау саласының үздігі Бақыт Түменова дүние салды

«Қайрат» бас бапкерімен қоштаса ма?