Шымкенттік кітапханада планетарий залы іске қосылды

Әл-Фараби атындағы Шымкент қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасында ғұлама ғалым Әбу Насыр әл-Фарабидің астрономия ғылымына арналған "Планетарий залы" іске қосылды.

Алматы, NEGE. Аталған планетарий бұл жұлдызды аспан, күн, ай және планеталардың кескінін жарты сфералық күмбез түріндегі экранға түсіріп көрсетуге арналған аппарат. Әл-Фарабидің тұжырымдамасында, бұл көктегі қозғалыстарды зерттеуді арифметика мен геометрия арқылы зерттеуге болады.

Кітапханада іске қосылған планетарий залында келушілер орындықтарға жайғасып, жоғарыдағы экраннан ғаламшар әлемін тамашалай алады. Бейне көріністер орыс және ағылшын тілдерінде көрсетіледі. Алдағы уақытта оны қазақ тіліне тәржімалау жоспарлануда. 

Қазір оқып жатыр

Қызылордада «TURǴYNDAR AMANATY» партиялық жобасы аясында форум өтті

Өнеркәсіптің өңдеу секторындағы өсімі төрт айда 9,9%-ды құрады

Қазақстанда бақбақтың қай түрін жұлғандарға 13 млн теңге айыппұл салынады?

Күзде пайызсыз ипотека беріле бастауы мүмкін