Шымкенттегі жарылыстан қаза тапқандар бар

Осыдан небары 18 күн бұрын ғана дүниеге келген сәби үшемнің бірі еді. Түркістан облыстық қоғамдық денсаулық басқармасының мәліметінше, жарылыс кезінде №1 перинаталдық орталықта екі жүзден аса адам болған.

Алматы, NEGE. «Шымкент қаласындағы №1 облыстық перинаталдық орталықта жарылыс кезінде 189 пациент пен 65 қызметкер болған. Жарылыс салдарынан орталықтың күзетшісі және 1 нәресте көз жұмды. Шетінеген сәби 18 күн бұрын туған. Тағы 8 адам зардап шегіп, қаланың медициналық мекемелеріне жатқызылды.

Атап айтқанда, облыстық клиникалық ауруханаға, қалалық №1 және №2 ауруханаға жатқызылды», - делінген басқарма хабарламасында.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметінен мәлім болғанындай, Өмірзақ Шөкеев тиісті органдарға қайтыс болған күзетшінің отбасына материалдық көмек беру, яғни жерлеу рәсімінің шығынын толық көтеруді тапсырды.