Шымкенттегі мектептерге Ауғанстаннан келген босқындар орналаса ма?

Әлеуметтік желілерге Шымкенттегі мектептердің біріне босқындар орналастырылады деген ақпарат тараған болатын. Алайда бұл ақпаратты қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі жоққа шығарды.

Шымкент, NEGE. Қалалық әкімдіктің баспасөз хатшысы Бекен Қоныстың айтуынша, мектептердің бірінде жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары жүргізілген.

«Ауғанстан босқындарын қабылдайды деген ақпарат шындыққа сәйкес келмейді. Тоғыс тұрғын алабындағы N120 мектепте жаңа оқу жылына байланысты жоспарлы жұмыстар атқарылуда», - дейді ол.

Қазір оқып жатыр

«Ақтөбе – тарының астанасы» гастрофестивалі қонақтарды ұлттық дәстүрлердің бай мұрасымен таныстырды

Іссапар чектері тапсырылмаса, жалақыны толық ұстап қалуға бола ма?

Алматы облысында «Достық үйінің» іргетасы қаланды

Энергетика министрлігі Теңіз кен орында ақау шыққанын растады