Шымкенттегі гүл дүкенінде шу шығарған ер адам бұрынғы полиция қызметкері болып шықты

Шымкентте гүл дүкенінде ер адамды қорлап, гүлді алып кеткен азамат бұрынғы полиция қызметкері екені анықталды.

Алматы, NEGE. Бұл ақпаратты Ішкі істер министрлігі растады. 

Оқиға 8 мамырда Шымкенттегі гүл дүкендерінің бірінде болған. 1989 жылы туған Б. есімді азамат осы жылдың 19 мамырында отбасылық себептерге байланысты өз өтінішімен ішкі істер органдарынан босатылған Қаратау АПБ-ның бұрынғы қызметкері екені анықталды.

Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу басталды.

Бұған дейін анықталған азаматтың «прокурордың ұлы» екені айтылған. Мұны Шымкент прокурорлары да жоққа шығарды.

Қазір оқып жатыр

Референдумда 9 миллионнан астам қазақстандық дауыс берді

Халықтың 70,98 пайызы дауыс берді

Маңғыстау облысында референдум күні көпбалалы отбасында Атазаң есімді ұл дүниеге келді

Халықтың 51,93 пайызы дауыс берді: Референдум өткізілді деп саналады