18 июня 2023 г. 12:50
Шымкенттегі әскери полигонда шеруден кейін офицер қайтыс болды
Шымкентте офицер әскери полигонда шеруден кейін қайтыс болды. Оқиға Ақтас полигоны базасындағы №6506 әскери бөлімінде болған, деп хабарлады Orda.kz.
Алматы, NEGE. Офицердің өлімі туралы ақпарат әлеуметтік желілерде пайда болған.
Болжам бойынша 20 шақырым жаяу жүріп өткен екі офицер өздерін нашар сезіне бастаған. Оларды дереу ауруханаға жеткізеді.
“Әскери қызметкердің біреуі есін жимастан қайтыс болды”, – делінген ақпаратта.
Әскерилердің денсаулығының нашарлауының себебі қатты ыстық болуы мүмкін екені айтылады.
Әскери бөлім бұл ақпаратқа қатысты әзірге түсініктеме берген жоқ.