Шымкенттегі «Қиял әлемі» ойын-сауық саябағы сот шешімімен бұзылады

Кейінгі жылдары саябақта шыққан өрт салдарынан екі студент пен бір ер адам қайтыс болған.

Шымкент қаласының ішкі саясат бөлімі

Алматы, NEGE. 2011 жылы ЖШС Шымкент қаласының орталығында орналасқан саябақтан 4 гектар жер телімін жалға алған. Алайда, жалға алушы балалар орталығын құру жөніндегі міндеттемелерді орындаудың орнына «Қиял әлемі» ойын-сауық саябағын орналастырған. Содан жергіліктің әкімдік ЖШС-тің жалдау шартының талаптарын бұзғанын алға тартып, оны жарамсыз деп тану туралы сотқа жүгінді.

– МАЭС-ы және апелляция ЖШС-ны жер телімін коммуналдық меншікке қайтаруды міндеттеді. Бұл шешім заңды күшіне енгеннен кейін әкім саябақтағы заңсыз салынған құрылыстарды ЖШС есебінен бұзып, жер телімін бұрынғы қалпына келтіру туралы талап қоюмен сотқа жүгінген, - делінген Қазақстан Республикасы Жоғары сотының баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

Сотта ЖШС жер теліміне орналасқан аттракциондарды, әткеншектерді және басқа да құрылыстарды пайдалануға қабылдау актілерін заңнамада белгіленген тәртіппен ресімдеу туралы дәлелдемелерді ұсынбаған.

– Сот жоғарыда аталған мән-жайларды, сондай-ақ ЖШС-ның жер телімін заңсыз пайдалану фактісін ескере отырып, талап қоюды қанағаттандырып, ЖШС-ны рұқсатсыз иеленген 4 га жер телімін ғимараттарды бұзу арқылы бастапқы күйіне қайтарып босатуды міндеттеді. Шешім заңды күшіне енген жоқ, - делінген сот ақпаратында.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанның оңтүстігінде тұрғындар жер сілкінісін сезді

Әл-фараби даңғылында жол апаты: Ішкі істер министрі тергеу барысын баяндады

Алматыдағы 2,2 млрд теңгелік коттедждің кімге тиесілі болғаны анықталды

Экономика министрлігі халық табысы не себепті азайғанын түсіндірді