Шымкенттегі екі қабатты кафеде өрт шықты

Шымкентте Асар шағын ауданында екі қабатты кафенің жертөлесінде өрт шықты.

ТЖМ

Алматы, NEGE. Өрт сөндірушілер келген кезде кафеден қалың қара түтін шығып жатты. Нөлдік көріну мен жоғары температураға байланысты өрт сөндірушілерге өрт ошағын анықтау қиынға соқты.

Белгілі болғандай, жертөледе автомобиль бөлшектері мен майлар жанған.

Зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі анықталып жатыр.

Оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер ғимараттан қою қара түтін шығып жатқанын байқаған. Жану аймағының жоғары температурасы мен түтіннен көрінудің жоқтығы өрттің ошағын бірден анықтауға кедергі келтірді.

«Дегенмен, мамандар дер кезінде әрекет етіп, өртті толық сөндіріп, оның басқа аумақтарға таралуына жол бермеді», — делінген хабарламада.

Қазір оқып жатыр

ҚТЖ топ-менеджерлеріне 1 млрд теңгеден астам сыйақы төленген: компания басшысы мән-жайды түсіндірді

Депозиттен кредиттің проценті көп. KEGOC НЕГЕ қинала бастады?

Тоқаев Астана әкімі Жеңіс Қасымбектің қызметін оң бағалады

Енді шетелдік дәрі-дәрмектер халыққа жылдам жеткізілмек