Шымкентте жұрт айт намазын мешіттерде оқыды

Бүгін еліміздегі мешіттерде айт намазы оқылды. Қазақстан Мұсылмандары Діни Басқармасы сақтық шараларын ұстанып, айт намазына рұқсат берген аймақтың бірі Шымкент қаласы.

Шымкент, NEGE. Айт намазына жиналған мұсылман қауымның қатары көп пе? Таңсәріден тұрғындар ұлық мерекеде ізгі ниетімен мешітке ағылды. Дұға оқып, тілек тілеуге жиналған жамағаттың қарасы көп. Алла үйіне жиналғандардың ішінде өңір ақсақалдары, лауазымды тұлғалар, әсіресе жастар көп. Мешіт имамдары мерекенің маңызы мен мәртебесіне тоқталып, айт намазын бірден бастап кетті. Тағы да айтып өтетін жағдай, биыл намаз мешіттің ауласында оқылды.

 Былтыр айт намазы карантиндік шектеуге байланысты оқылмап еді.  Тағы да қандай ерекшеліктер бар? Жергілікті бас санитар дәрігерлердің қаулысы бойынша рұқсат етілгендіктен қандай сақтық шараларына баса мән берілді?  Ежелден қалыптасқан дәстүр бойынша Ораза айт кезінде мұсылмандық діни жоралғыға сәйкес, жұрт үйлерінде дастарқан жаяды. Бір-бірін ұлық мейраммен құттықтап, жақсы тілектер айтып, келген қонақты құрметпен қарсы алады. Сондай-ақ өздері де жұртпен бірге басқа үйлерді аралап, игі тілек тілейді.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев Мәскеудегі Жеңіс күніне арналған әскери шеруге қатысты

Қонаевта Жеңіс күніне орай боздақтар рухына тағзым жасалды

Астанадағы плац-концертте «Арланнан» түтін шықты

Әшімбаев, Қошанов пен Бектенов соғыс құрбандарының рухына тағзым етті