Шымкентте жолаушы тасымалдаушы компаниялар жұмыссыз қалуы мүмкін

Шымкентте жекеменшік автобус паркінің иелері тығырыққа тірелді, деп хабарлайды «Хабар 24». Шаһардағы жолаушылар тасымалдаушы компаниялар үш жыл бұрын көліктерін жаңалап, сол кездегі қала әкімі Ғабидолла Әбдірахымовпен 10 жыл келісімшартқа отырған.

Алматы, NEGE. Ал енді жаңа әкім Мұрат Әйтенов командасы бұрынғы келісімді біржақты бұзып, тағы автобус алуға мәжбүрлеп жатқан көрінеді. Шымкенттегі жолаушылар тасымалымен айналысатын компаниялар тығырыққа тірелгендігін айтады. Қала әкімдігі қоғамдық көлікке жаңғыртулар жасаймыз деп шаһарға автобустар алдыруда. Ал осы бір көліктерді тасымалмен айналысатын кәсіпкерлерге несие арқылы сатып алуды басында ұсынып, кейіннен міндеттеді дейді жиналғандар. Ол оңай шаруа емес. «Ондай қыруар қаражат бізде жоқ», – дейді жеке автобус паркінің басшылары.

Жолаушы тасымалдаушы компанияның төрағасы Бақыт Ермекбаев: "Ол автобустар қымбат. Екіншіден, автобустарды бізге беру мәселесі , 2 айлық линцензияға төлеу жағы қиын. Біз өткенде қала әкімшілігі мен СПК ға хат жазып 20-30 автобус аламыз дегенбіз. Сонда мен 40-50 млн теңге бірінші шартта төлеуім керек болып тұр" деді.

«Карантин кезінде жолаушылар азайып, онсыз да шығынға баттық» деген тасымалдаушылар енді «алған несиемізді не істейміз» деп күйіп отыр. Себебі 2017 жылы сол кездегі әкім Ғабидолла Әбдірахымов «автобустарды жаңаласаңдар, келісімшартты 10 жылға созып береміз» деген соң қыруар несиеге автобустар сатып алған екен. Тек қазіргі әкімдік ол келісімшартты бір жақты етіп бұзып, қазіргі ісімізді «бір тиын қылды» дейді.

Қазір оқып жатыр

Иран тағы бір елге Ормуз бұғазы арқылы өтуге рұқсат берді

Атырау облысында бір топ жігіт полиция қызметкерлеріне шабуыл жасаған

Түркістанда бірнеше күн бұрын суға батып кеткен 2 жасар қыздың денесі табылды

«Өрттен 18 адам қаза тапты»: Абай облысында жалған ақпарат таратқан тұрғын жауапқа тартылды