Шымкентте жыл соңына дейін 2 мыңнан астам кәсіпкерге мемлекеттік қолдау көрсетіледі

Шымкент қаласында кәсіпкерлікті дамыту және қолайлы бизнес-климат жасау мақсатында жүйелі жұмыстар жүргізілуде.

Шымкент, NEGE. Мәселен, биыл кәсіпкерлікті қолдау бағдарламалары арқылы бизнеске бюджеттен 12,9 млрд. теңге қаржы бөлінді. Одан бөлек, республикалық бюджеттен қосымша 5,1 млрд. теңге бөлу жоспарлануда.

Пандемия жағдайына байланысты бұл бағыттағы мемлекеттік қолдаулар өткен жылдармен салыстырғанда екі есеге артып отыр. Осының нәтижесінде жыл соңына дейін 2 мыңнан астам кәсіпкерге қолдау көрсету жоспарлануда.

Сонымен бірге бизнес өкілдеріне көрсетілген мемлекеттік қолдаудың арқасында соңғы үш жылда өнеркәсіп өнім көлемі 162 млрд. теңгеге немесе 32,9 пайызға артқан.

Қазір оқып жатыр

Әл-Фараби даңғылындағы жол апаты: тергеу аяқталды

Алматы облысында терроризм туралы жалған хабарламалар тартқан екі оқушы ұсталды

Көкшетауда жалғызбасты ана жол апатынан қаза тапты: күдіктінің жүргізуші куәлігі болмаған

Шымкентте екі колледжде 1,3 млрд теңге жымқыру ісі: күдіктінің Дубайдағы пәтері бұғатталды