Шымкентте жемқор басшы ұсталды

Пара алды деген күдік бойынша Шымкент қаласының сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы ұсталды.

Алматы, NEGE. Шымкенттегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметі қазір іс бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр. Хабарланып отырғандай, күдікті 2019 жылдың тамыз айынан бастап мердігермен сөз байласып, ірі көлемдегі ақшаны жымқырған.

Мердігермен мемлекеттік сатып алу бойынша келісімге келіп, сәулет және қала құрылысы саласындағы жарамсыз топографиялық түсірілім үшін қаражат аударған.

«Осы жылдың 9 маусымында басқарма басшысы ұсталып, уақытша оқшаулағышқа қамалды. Қазір сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр», – деп хабарлайды Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі.

 

Қазір оқып жатыр

Алматылықтардың мазасын алған тәжікстандық жасөспірімдер елден шығарылды

Түркістан облысында жалған айғақ беруге айдап салған адвокат сотталды

Қазақстанда жұмыс істейтін жастарға арналған жалдамалы тұрғын үй бағдарламасы тоқтатылды

Қазақстанның оңтүстігінде тұрғындар жер сілкінісін сезді