Шымкентте жаяу жүргіншілер жолағы жаңарды

Шымкент қаласында жол-көлік оқиғаларының алдын алу және жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Т.Рысқұлов (Байтұрсынов көшесінен Әл-Фараби көшесіне дейін), Желтоқсан (Қонаев даңғылынан Темірлан тас жолына дейін), Тауке хан (Сайрам көшесінен Д.Қонаев даңғылына дейін) және тағы басқа да қала көшелеріне жол таңбалары сызылды.

Шымкент, NEGE.  Шымкент қаласы әкімінің орынбасары М.Исахов аталған жұмыстардың барысын тексеріп, кемшіліктер бойынша сала мамандарына тапсырма жүктеді.

Тамыз айынан жаңа оқу жылы басталғанға дейін 100-ден аса мектептің жаяу жүргіншілер жолағы жаңыртылды.

Қала бойынша жалпы асфальт жолдың ұзындығы 2029,2 шақырымды құрайды. Жыл басынан бері сол жолға 215 шақырым жол таңбалары сызылды. Оның 150 шақырымы термопластиктен, ал қалған 65 шақырымы акрильді бояудан сызылды.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев пен Ердоған Мәңгілік достық туралы декларацияға қол қойды

Алматының Наурызбай ауданында ауаның ластануы мөлшерден бірнеше есе асып кеткен

Атырау облысының әкімі Индер көлін ерекше қорғалатын аумақтар тізімінен қалай шығартты

«Аяқкиім мен сөмке сатып алып берген»: Ақтөбе облысында шекара бөлімшесінің бастығы сотталды