Шымкентте вирус жұққан адам саны 400-ден асты

Шымкентте тағы 60 адамнан коронавирус анықталды. Сөйтіп, бұл қалада инфекция жұқтырғандардың саны 400-ден асты.

Алматы, NEGE. Сондықтан қалалық әкімдік қызметкерлері тұрғындарға карантин режимін қатаң сақтау керектігін тағы да ескертіп отыр. Шымкентегі бүгін берілген эпидстатус бойынша коронавирустық инфекцияға қатысты жағдай  404-ке жетті. Соның 8,2 проценті балалар, 91,8 проценті ересектер. Қазіргі уақытқа дейін 183 науқас аталған індеттен сауығып, үйлеріне шығарылды. 216 адам ауруханада жатыр. 150 пациенттен симптомсыз жағдай анықталған.  Қала әкімінің бірінші орынбасары Ербол Садыр:  "Енді осы тіркелгендердің ішінде «Петро Қазақстан Ойл Продактс» ЖШС негізгі бөлігі осы серіктестіктен анықталып отыр. Қазіргі кезде осы жағдайға байланысты скринингтен анықталғаннан кейін біз осы ірі кәсіпорындардағы негізгі халыққа қызмет көрсететін орындарда кең көлемде скрининг жасау жұмыстарын жүргізіп жатырмыз" деді.

Осындай ауқымды шаралардың арқасында жергілікті мұнай өңдеу компаниясында жұмыс істейтін 96 азаматтан ауру белгілері анықталып отыр. Шымкенттегі індет ошағы 103-ке жетті. Науқаспен байланыста болғандарды тіркеу басталғалы бері 3 мыңға жуық тұрғын дәрігерлік бақылауда болды. Қазіргі уақытта мониторингте қалғаны – 1023 адам. 

Қазір оқып жатыр

Алматыда АИТВ жұқтырып, 13 жастағы қызды зорлады деп айыпталған ер адам сотталды

Таразда оқушы ата-ана құқығынан бас тартқан әкесінен алимент өндіріп алды

Қазақстанда алғаш рет 15 жастағы жасөспірімге жүрек трансплантациясы жасалды

Қырымда Ан-26 әскери ұшағы жартасқа соғылып, 29 адам қаза тапты