Шымкентте үш жасар бала бензин ішіп қойған
Шымкентте ата-анасының қарауынсыз үйде қалған бала байқаусызда бензин ішіп қойған.
Алматы, NEGE. Otyrar.KZ-тің хабарлауынша, ол улы сұйықтықты шырынды су деп ойлап қалған.
Соның салдарынан баланың аузы, өңеші және асқазаны қатты күйіп қалды, жедел жәрдем көлігі баланы қаладағы Т.Орынбаев атындағы Гипербариялық оксигенация орталығына жеткізді. Дәрігерлер балаға жедел көмек көрсетіп, оның өмірін сақтап қалды. Қазіргі уақытта оның жағдайы қанағаттанарлық деп бағаланады.