ШЫМКЕНТТЕ ТҰРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫСЫ 11,4 ПАЙЫЗҒА АРТТЫ

Бұл туралы ақпараттық-коммуникациялық орталығында өткен брифинг барысында қалалық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Р.Мүлкеманов хабарлады.

Шымкент, NEGE. Спикердің хабарлауынша, 2021 жылдың 9 айында қаланың әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерінде оң өзгерістер байқалған.

Атап айтқанда, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда өңдеу өнеркәсібі - 5,0 пайызға, ауыл-шаруашылығы 1,6 пайызға, құрылыс көлемі 7,7 пайызға, тұрғын үй құрылысы 11,4 пайызға, сауда 6,8 пайызға, көлік саласы 4 пайызға, жекеменшік инвестиция көлемі 71,4 пайызға артқан.

Негізгі көрсеткіштердің даму қарқынына сәйкес, Шымкент қаласы Республикамыздың өңірлері бойынша 6 орынға орналасқан.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымын әскери альянс ретінде сипаттайтындарға жауап берді

Нұрәлі Әлиев нағашы әжесі Сара Назарбаеваның ісін қолға алмақ

Қырғызстанда ММА шебері Медет Жээналиев қаза болды

1 маусымда «Алматы жастары» бағдарламасына өтінім қабылдау басталады